Тұрғындар eGov порталына жиі жүгінеді
351 мыңнан астам қазақстандық 42 500 теңге алуға өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Штаб таратқан мәліметке сәйкес, 4 сәуірдегі таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардан төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға 351 777 өтініш қабылданған. Әсіресе, тұрғындар eGov порталына жиі жүгінген.
✅ eGov порталы арқылы – 292 281;
✅ 42500.enbek.kz сайты арқылы – 59 496