$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 12:24
Жаңалықтар

COVID-19: Алматыда 6 адам ауруынан айығып шықты

Олардың бесеуі әйел, біреуі ер адам

COVID-19: Алматыда 6 адам ауруынан айығып шықты

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Соңғы бірер тәулікте жаңа 16 жағдай тіркелген. Олардың бәрі бұрын ауырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар.

Ауырған 16 адамның бірі ауыр халде емделіп жатыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Олардың барлығы ауруы анықталғанға дейін-ақ карантинде болған.

«Төрт науқас Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және байланыста болған бір адам», - делінген аталған хабарламада.

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, бүгін коронавирус жұқтырған тағы 6 адам ауруынан айығып, үйіне жіберіліпті. Олардың бесеуі – әйел, біреуі ер адам.

«Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, тағы біреуі 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған», - деді басқарма өкілдері.

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны 19 адамды құрайды. Олардың бәрі қазір 14 күндік үй карантинінде.

Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 пациент жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары