«Үйлердің сапасы төмен»: Жетісу облысында әкімдіктің 9 лауазымды тұлғасына шара қолданылды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Заңбұзушылықтар толығымен жойылды

Фото: Алматы әкімдігі

Жетісу облысының прокурорлары бюджет қаражатына салынып жатқан үйлердің талапқа сай келмейтінін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарқан ауданында 1,7 миллиард теңгеге 60 пәтерлі 2 тұрғын салынып жатыр. Алайда көпқабатты тұрғын үйге мердігерлер сапасыз материалдарды қолданған.

Прокуратура құрылыс және архитектура саласында засыздықтарға жол берген 9 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Сарқан қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы сапасы төмен және сертификатталмаған құрылыс материалдарын қолдану арқылы және мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылауына құрылыстың басталғандығы туралы хабарлама жолдамай жүзеге асырылған. Келісімшарт құны – 1 млрд 730 млн теңге. Аталған заңбұзушылықтардың құрылыс жүргізудің бастапқы кезеңінде анықталуы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашақта болуы мүмкін орны толмас зардаптарды алдын алу», - деді Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Заңсыздықтар тек тұрғын үйлерден басқа, Сарқан қаласының орталық алаңын қалпына келтіру бойынша да анықталған. Шенділер Алмалы ауылының мәдениет үйінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде заңсыздыққа жол берген.

«Прокуратура тарапынан енгізілген қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Кінәлі тұлғалар тиісті жауапқа тартылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.