Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ Президент БҰҰ (СПЕКА) саммитіне қатысады

© Sputnik / Кирилл Каллиников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сондай-ақ 24 қарашада Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады», - делінген хабарламада.