$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай бағытында екі шекаралық пункте 20 станциялық жол салынады - министр

Марат Қарабаев өзге станциялардың жаңғыртылуы жайлы да айтты

Қытай бағытында екі шекаралық пункте 20 станциялық жол салынады - министр

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев шекаралық пунктілер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Ел аумағындағы шекаралық пунктілердің қуаттылығына тоқталатын болсақ, бүгінгі күні көрші бес елмен 27 теміржол шекара пункттері арқылы байланыс орнатылған.

Оның басым бөлігі өзінің өткізу қабілетін толықтай қолдануда.Жыл қорытындысы бойынша Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Достық, Алтынкөл және Сарыағаш станцияларының техникалық қуаттылығы толық жүктелетін болады.

Ресей және Қырғызстан бағытындағы шекаралық пунктілердің жүктелуі де олардың жобалық қуаттылығына жақындап келе жатыр»,- деді министр.

Министр шекаралық пунктілерді модернизациялау туралы айтты.

«Қытай бағытындағы екі шекара пунктін 20 станциялық жол салу арқылы модернизациялау жоспарланған. Достық станциясының модернизациялау жұмыстары «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жол салу шеңберінде қарастырылып отыр.Бұл шаралар екі станцияның өткізу қабілетін жылына қосымша 14 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қытай тарапымен тиісті келіссөздер жүргізіліп, Хоргос шекаралық пунктіне келетін Цзинхе – Хоргос учаскесіне екінші жолдарды салу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.Аталған жұмыстардың аяқталуын есепке ала келе, жалпы екі шекаралық станциялардың өткізу қабілеті тағы да 14 млн. тоннаға артып, жылына 56 млн. тоннаны құрайтын болады»,- деді ол.

Министр сондай-ақ «Бахты – Тачэн» үшінші өткізу пунктін ашу жоспарда бар екенін айтты.

«Бұл жоба, шекарадағы теміржол инфрақұрылымының қуаттылығын тағы да 20 млн. тоннаға арттырып, жалпы, Қытай бағытындағы теміржолдың өткізу қабілетін жылына 76 млн. тоннаға дейін жеткізетін болады.Орталық Азия бағыты бойынша жылына 10 млн. тоннаға дейін жүк өткізу қуаттылығын қамтамасыз ететін 
Дарбаза – Мақтаарал темір жол желісі салынатын болады»,- деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары