Еуро-2024: Қазақстан Ұлттық құрамасы Словениядан жеңіліп қалды
Бұл Н тобының соңғы туры болды
Еуро-2024-тің H тобында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңнің қорытынды ойынында Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 01:45-те басталды. Командалар Словения астанасы Люблянадағы «Стожице» стадионында кездесті. Бұл Н тобының соңғы туры болды.
Магомед Адиев бапкерлік ететін Ұлттық құраманың бастапқы құрамында Шацкий, Малый, Әліп, Быстров, Қуат, Чесноков, Самородов, Вороговский, Оразов, Бейсебеков, Марочкин өнер көрсетті. Капитандық міндетті Абзал Бейсебеков атқарды.
Бірінші таймның 41-ші минутында Словения құрамасы пенальтиге ие болып, команда ойыншысы Беньямин Шешко 0:1 ұпаймен есеп ашты.
Алайда екінші тайм басталған сәттен-ақ, қазақстандық футболшылар белсене шабуылға кірісті. Осылайша ойынның 48-ші минутында Максим Самородов берген пасты қабылдаған Рамазан Оразов Словенияның қақпасына гол салып, есепті теңестірді.
Ал ойынның 86-ші минутында словениялық ойыншы Беньямин Вербич Қазақстан қақпасына гол салып, 1:2 есебімен командасын алға шығарды.
Осылайша өкінішке қарай, Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.