20.11.2023, 11:35
Жаңалықтар
Индонезияда пойыз бен автобус соқтығысып, 11 адам қаза тапты
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Индонезияның Шығыс Ява провинциясында пойыз бен шағын автобус соқтығысып, кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Xinhua агенттігі құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, жол-көлік оқиғасы микроавтобус жергілікті уақыт бойынша 19:53-те реттелмейтін теміржол өткелін кесіп өтіп бара жатқанда болған.
«Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды