Республика бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын жауады.
18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.
19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.
20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді.
Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.
Мәселен, солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7 аяз — 5 жылы, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді.
Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.
Мұнда түнгі уақытта 3 градус аяз - 7 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 градус аязға дейін - 6 градус жылы, күндіз 5 градус аяз-13 градус жылыға дейін алмасады.
Республика бойынша жел қарқыны 15-29 м/с дейін күшейіп, тұман түседі.
Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 30 м/с асады.