Жетісу облысында қызылшамен ауырғандар саны көбейіп кетті
Жұқпалы дерт балалар арасында өршіп тұр
Жетісу облысында қызылшамен ауырғандар саны көбейіп кетті. Өңірдегі 8 мектептің оқушыларынан қызылша анықталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, өңірде қызылшамен ауырған науқастың саны 363 адамға жеткен. Оның ішінде мектептің оқушысы бар. Облыстағы 8 мектептен және тағы мектепке дейінгі 8 тәрбие беру ұйымынан жұқпалы дерттің ошағы анықталған. Қызылша жұқтырғандар, әсіресе, Талдықорған қаласында, Алакөл, Панфилов аудандарында көп тіркеліп отыр.
"Қазір жұқпалы ауру 8 мектепте тіркеліп, 15 оқушы ауырып жатыр. Сондай-ақ 8 мектепке дейінгі тәрбие ұйымындағы 10 баладан қызылша белгісі табылды. Өңірде қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жүріп жатыр", - деді Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.