Ұлттық статистика бюросының СҚО-дағы басшысы жауапқа тартылды

Ол жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шара қабылдамаған

 

Ұлттық статистика бюросының СҚО-дағы басшысы жауапқа тартылды
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен активтері мен міндеттемелері туралы декларация талап етпей қызметшіні қызметке тағайындаған Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің СҚО департаментінен хабарлағандай, құқықбұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабымен көзделген және сыбайлас жемқорлыққа жатады, ол үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 810-бабы негізінде кінәні толық көлемде мойындағандықтан, әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен және белгіленген айыппұлдың елу пайызын – 50 АЕК өндіріп алу арқылы қаралды», - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны лауазымға тағайындау туралы акт шығарылғанға дейін тапсыратынын еске салады.

«Жыл басынан бері түрлі жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін 1,4 млн теңге сомасында айыппұл салумен 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысында әкімшілік практиканы қолдану – бұл аса ауыр жемқорлық көріністерінің алдын алу, жымқыру және мемлекетке өзге де залал келтіру түріндегі туындайтын салдарларға жол бермеу жөніндегі тиімді шара», - деді ведомство өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.