Қытаймен шекарадағы өткізу бекетінде жеке тұлғалардың қозғалысы тоқтатылды

10 қарашадан бастап реконструкциялау жұмыстары басталды

Қытаймен шекарадағы өткізу бекетінде жеке тұлғалардың қозғалысы тоқтатылды
Фото: newsmir.info

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп болжанып отыр.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін нақты жабусыз жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның ішінде Абай облысының «Бақты» өткізу пункті де бар. Бұл ретте «Бақты» өткізу пунктінде қазіргі уақытта шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша жүзеге асырылады. Сәйкесінше, реконструкциялау уақытына бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ.

«Екі тарап азаматтарының қауіпсіздігі мақсатында 2023 жылғы 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысының «Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады. Шығыс Қазақстан облысының «Майқапшағай (ҚР) – Зимунай (ҚХР)», Жетісу облысының «Алакөл (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР)», «Нұр жолы (ҚР) – Қорғас (ҚХР)», Алматы облысының «Қалжат (ҚР) – Дулаты (ҚХР)» өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуін ұйымдастыру штаттық режимде жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Осылайша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардан Қытай Халық Республикасына тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шығуды алдын ала жоспарлау сұралады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.