«Жүргізуші – әкім орынбасарының әйелі»: Жетісу полициясы желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Azattyq Rýhy

Аталған жағдайға байланысты қызметтік тергеу басталды

«Жүргізуші – әкім орынбасарының әйелі»: Жетісу полициясы желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысының полициясы бір күн бұрын әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео сипаттамасында Талдықорғанда полицейлер дұрыс емес жерге тоқтаған әйелдің көлігінен мемлекеттік нөмірін шешіп алғаны айтылған. Осыдан кейін тәртіп сақшыларының біріне өзін «223-ші» деп таныстырған ер адам қоңырау шалған. Ол жүргізуші «әкімнің орынбасарының әйелі»  екенін айтып, нөмірді көлік иесіне қайтаруды сұрайды. Алайда қоңырау шалған адамның өтініші орындалмады.

Бұл видеоға қатысты Жетісу облысының полициясы пікір білдірді. Баспасөз қызметі Kia Soul автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы 1-бөлігі – «Жаяу жүргіншілер жолында көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою, сондай-ақ көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Сондай-ақ, полиция қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

«Бейнетаспаға түсірілген диалогтың полиция қызметкерлері арасында болғаны расталса, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданады, тексеру нәтижелері қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.