Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды
Өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.
Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада экс-министр Астанадағы мейрамханалардың бірінде өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған еді.