11.11.2023, 09:31
Жаңалықтар
Бүгін Атырау мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Өзге қалаларда қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады
Фото ашық дереккөзден
Бүгін, 11 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 11 қараша, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Атырау мен Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 12:04
Қазақ вальсінің королі: бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды