3 сәуірде Ыстамбұл мен Делидегі қазақстандықтар елге оралады

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең Қазақстанға екі рейс келеді

Фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев онлайн брифинг барысында шетелде жүрген қазақстандықтар мәселесімен Сыртқы істер министрлігі айналысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасы бойынша біздің әуе компаниялары азаматтарымызды елге алып келуге дайын тұр. Ертең Түркияның Ыстамбұл қаласынан және Үндістанның Дели қаласынан екі рейс келеді. СІМ әлемнің қай бұрышынан қазақстандықтарды алып келуге тапсырма берсе, біз орындауға дайынбыз», - деді ол.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір бұрын қатынаған 157 жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың жұмысы тоқтап тұр. Қазіргі таңда тек 24 пойыз жүреді.