Израиль соққыларынан жараланғандар саны 25 мыңнан асты
Израиль армиясының қоршауында қалған Газа секторында шабуыл салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 10 022 адамға, жараланғандар саны 25 мыңға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu агентігіеің хабарлауынша, бұл туралы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра мәлім етті.
Оның айтуынша, соңғы тәулікте Палестина эксклавының тағы 252 тұрғыны Израиль соққыларынан мерт болды.
Әл-Кудра құрбандар арасында 4104 бала мен 2641 әйел бар екенін атап өтті.
Ведомствоның баспасөз хатшысы 2350 адам, оның ішінде қираған ғимараттардың үйінділері астында қалған 1300 бала із-түзсіз жоғалып кетті деп есептелетінін айтты.
Сондай-ақ 7 қазаннан бері Израильде қаза тапқандар саны 1500-ден асты.