Алматының Оқушылар сарайы өз қызметін кеңейтті

60 мыңнан астам оқушы үшін бір ай ішінде робототехниканы, дрондарды басқару және өзге үйірмелерге қатысу қолжетімді

Алматының Оқушылар сарайы өз қызметін кеңейтті
Фото Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Оқушылар сарайы бүгінде өз дамуының жаңа кезеңіне өтуде. Алматы әкімдігінің қолдауымен жобалық кеңсе аясында осынау қосымша білім беру мекемесі өз тарихында ауқымды модернизацияланудың екі кезеңін іске асырды және өз қызметін кеңейтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нысанның алаңы 35 мың шаршы метрден асады.

Қала оқушылары үшін зымыран жасау және аэроорталық, планетарий, VR және дрондарды басқару зертханасы, физика, химия, биология және гидропоника бойынша ғылыми зертханалар, сондай-ақ робот жасау, IT-бағдарламалау және басқа да ұшыру алаңдары бойынша үйірмелер ашылды. Сондай-ақ, спорттық, көркемдік, әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жаңа үйірмелер іске қосылды.

Бұл пайдалы үйірмелер енді аптасына 15 мыңнан астам алматылық оқушыны, ал күніне 3000 – ға жуық баланы қабылдай алады. Модернизацияланудан кейінгі Оқушылар сарайының жобалық қуаты осындай.

Айта кетерлігі, Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған тарихи маңызы бар сәулет нысаны болып табылады.

2019 жылы Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес Оқушылар сарайына туристер мен натуралистер станциялары, №12 балалар музыкалық мектебі және №4 джаз балалар музыкалық мектебі өздерінің материалдық базасымен және қаржыландыруымен қосылды.

Өткен жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарықтандыру ауыстырылды, жаңа ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды, көгалдандыру жүргізілді, суару жүйесі тартылды, жабындылар төселді. Сондай-ақ жаңа орындықтар мен урналар орнатылып, субұрқақ салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.