$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Қазгидромет еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қараша күні Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күшін 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел күші 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, облыстың көп бөлігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсетіні болжанып отыр.

4-6 қараша күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетіп, тұман болады.

Серіктес жаңалықтары