$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды

Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап жауапкершілікке тартылды

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары.

«ПД-ның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары