Түркі мемлекеттері ұйымының басшылары қандай маңызды құжаттарға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Құжаттар тізімі жарияланды

Фото: Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті аясында 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжаттар тізімі мынадай:

  • Астана Актісі;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
  • Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
  • Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
  • 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
  • «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
  • Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  • Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).