$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен ДСҰ ынтымақтастықты нығайтады

Сенат осы бағыттағы заң жобасын мақұлдады

Қазақстан мен ДСҰ ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенаттың жалпы отырысында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы - жаһандық маңызы зор, беделді институттардың бірі. Бүгін мақұлданған заң Қазақстан мен осы ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі. Сонымен қатар Еуропалық өңірлік комитетінің сессиясында қабылданған шешімдер отандық медицина саласын дамуына да оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қол қойылған ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы Келісім аясында денсаулықты дамыту саласына 1,8 млн АҚШ долларын бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады.

Қазіргі жағдайды және бүгінгі әлем алдында тұрған жаһандық дағдарыстарды ескере отырып, бұл тақырыптар өзекті болып отыр», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары