$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екіжақты экономикалық қарым-қатынастар тың серпінмен дамиды деп ойлаймын – Макрон

Франция президенті бүгін өте өзекті мәселелер талқыланғанын жеткізді

Екіжақты экономикалық қарым-қатынастар тың серпінмен дамиды деп ойлаймын – Макрон

Қазақстан мен Франция мемлекеттерінің ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Эмманюэль Макрон екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің қабылданғанына 15 жыл толғанын атап өтіп, Францияның өзара мүддені көздейтін түрлі саладағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Екіжақты экономикалық қарым-қатынастар, соның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңартылатын энергетика салаларындағы байланыстар алдағы уақытта тың серпінмен дамиды деп ойлаймын. Біз бұрынғы жобаларға да, жаңа бастамаларға да инвестиция салуды қолдаймыз. Бүгін өте өзекті мәселелерді талқыладық. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз да қарқынды дамып келеді. Білім-ғылым салаларында нақты келісім бар. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайды, – деді Франция президенті.

Сонымен қатар екі ел басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты тұрақты қарым-қатынастың маңыздылығына назар аударып, халықаралық ұйымдар аясындағы диалогты тереңдету қажет екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары