$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ер адамды азаптап өлтірді деп айыпталған 4 полицейге қатысты сот үкімі қайта өзгерді

Үкім заңды күшіне енді

Шымкентте ер адамды азаптап өлтірді деп айыпталған 4 полицейге қатысты сот үкімі қайта өзгерді
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. Бұл туралы Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 31 жастағы тұрғын Нұрболат Жұмабаевтың өліміне қатысы бар деп айыпталған төрт полиция қызметкеріне қатысты үкім шыққан болатын.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бір топ адамдар арасында зорлық-зомбылық қолданып, билікті асыра пайдаланып, азаптап өлтірді деп айыпталған полиция қызметкерлеріне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша үкімді апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

«Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы қаулысымен Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2023 жылғы 30 маусымдағы үкімінің сотталғандар У.Жанибековке және Д.Исаевқа қатысты бөлігі өзгертілді», - делінген ақпаратта.

У.Жанибековтің ҚК-нің 146-бабының 3-бөлігімен сараланған іс-әрекеттері ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына ауыстырылып сараланып, оған осы бап бойынша құқық органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 58-бабы 3, 5-бөліктері негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру жолымен түпкілікті құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Д.Исаевті ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тапқан бөлігінің күші жойылып, ол іс-әрекеттерінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақталды.

Үкімнің қарар бөлігіндегі Д.Исаевқа ҚК-нің 58-бабы 3, 5-бөліктері негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті тағайындалған жазаның күші жойылды.

Д.Исаев ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен құқық органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған деп есептелді.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары