31.10.2023, 16:34
Жаңалықтар
Алматы облысында терроризм идеяларын насихаттады деген тұрғын ұсталды
Ер адамнан діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе отырып Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, күдікті терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктеліп отыр.
«Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)