29.10.2023, 18:09
Жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басқарушысы бір жылда 375,9 млн теңге жалақы алған
Компанияның 2021 жылы таза пайдасы 215 млрд теңгені құрады
Фото ашық дереккөзден
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өзінің басқарушысы Балават Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге, яғни айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Finance.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Арнаның жазуынша, 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген, бірақ 31 тамызға дейін болуы керек еді.
«2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 млн теңге алды. 2019 жылы оның алдындағы басшы Парамжит Сингх Калон 328 млн теңге алды. 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес, «АрселорМитталдың» 2021 жылы таза пайдасы 215 млрд теңгені құрады», - делінген жазбада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды