Олар көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылады
Ақмола облысында прокурорлық тексерістен кейін 120 адам көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық прокуратураның баспасөз қзыметі хабарлағандай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру барысында көлік құралдары басқармасына медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарда жүргізуші куәліктерінің болу фактілерін анықтады.
«Мысалы, азамат А.-ның көлік құралдарын жүргізу құқығына ие жүргізуші куәлігі бар. Алайда ол көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады. Мұндай фактілер біркелкі емес, прокурорлар осындай тағы да 120 фактіні анықтады», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша аталған тұлғаларды көлік құралын басқару құқығын тоқтату жөнінде шаралар қабылданды.
«Басқа заңбұзушылықтар үшін прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деді ведомство өкілдері.
Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты шектен асырып, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан болады.
Ақмола облысының прокуратурасы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.