Kaspi Жұма 3, 4 және 5 қарашада өтеді

Azattyq Rýhy

Оған танымал брендтер және басқа да көптеген дүкендер қатысады

Kaspi Жұма 3, 4 және 5 қарашада өтеді

Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма 3, 4 және 5 қарашада өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күзде сүйікті клиенттеріміз дәстүрлі түрде маусымдық зат сатып алады.

Қысқы шиналар, жылы киім, үйге арналған климаттық техника, қысқы спортқа арналған тауарлар мен басқа да заттарды еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады.

Күзгі Kaspi Жұмаға Adidas, EuroMebel, Intertop, Invictus Fitnes, Lucente, KIMEX, Кама-Орталық, Қазақювелир, Мечта, Mon Amie, Marwin, Nike, Pandora, RESPECT, Sulpak, Technodom, 12 МЕСЯЦЕВ, Zeta сияқты танымал брендтер және басқа да көптеген дүкендер қатысады.

«Kaspi Жұма – қазақстандық шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды мереке. Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі кезінде кәсіпкерлердің сату көлемі бірнеше есеге артады, ол еліміздегі кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектеседі. Әр сүйікті клиентіміздің тиімді сатып алуына, серіктестеріміздің табысты сауда жасауына тілектеспіз», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.