Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Түркістанда полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қолданған көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлеріне барлық мән-жайды айтып, сол аумаққа бағыттады.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Тексеру кезінде ер азаматтан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған зат «марихуана» болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.