$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да шенеуніктер 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жіберген

Прокуратура көмегімен 38 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды

СҚО-да шенеуніктер 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жіберген
Фото ашық дереккөзден

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде елдімекендерге жақын жайылымдарды заңсыз беру бөлігінде жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың га ауылдарға жақын жерде 348 жайылымдық жерді заңсыз берген.

Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етті, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда», - деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.

«Аталған жұмыстар  нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га дейін азайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары