$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада азаматтық қоғам дамуының басты бағыты талқыланды

Форумда БҚО-дан келген делегация құрамы да қатысып жатыр

Елордада азаматтық қоғам дамуының басты бағыты талқыланды

Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстанның ХI Азаматтық форумы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Форум екі күнге 18-19 қазанға жоспарланған. Оған еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам қатысушы, оның ішінде ҮЕҰ жетекшілері, қоғамдық кеңестердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес өкілдері, өңірлік және ұлттық даму институттары, ҚР «Атамекен» ҰКП, азаматтық белсенділер, БАҚ өкілдері қатысуда.

Осы жылғы форумның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты».

Оның міндеті – Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Әділетті мемлекет құру мақсатына жету үшін мемлекеттің толыққанды және өзара тиімді серіктесі ретіндегі азаматтық сектордың қоғамды топтастырудағы рөлін анықтау.

2023 жылы алғаш рет еліміздің 20 өңірінде облыс әкімдіктері мен Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қолдауымен қоғам белсенділері өңірлік форумдарды ұйымдастырды. Белгілі бір аймаққа тән түрлі тақырыптар аясында өзекті мәселелер көтерілді.

Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында инклюзивті мемлекеттік саясат және оған азаматтық қоғамның үлесін қосу мәселелері туралы сөз қозғалды.

Қазақстанның Азаматтық Альянсы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін Азаматтық форумдар екі жыл сайын өткізіледі.

Айта өтейік, Батыс Қазақстан облысынан келген делегация құрамы да форумға қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары