Астанада жосықсыз құрылыс салушылардың мүлкі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

100-ден астам үлескердің құқығы қорғалды

Фото: gov.kz

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына жосықсыз құрылыс салушылардың мүлкін тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, ден қою актілері негізінде мемлекет меншігіне жосықсыз құрылыс салушылардың жер учаскесімен бірге 5 қабатты ғимарат, 7 тұрғын емес үй-жайлар өтті.

«Бұл шаралар проблемалық объектілерді салуға жұмсалған бюджет қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді. 7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқығы қорғалды», - деді ведомство өкілдері.

Алданған азаматтардың объектілері құрылыс салушылардан тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне берілді, бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.