18.10.2023, 13:48
Жаңалықтар
Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде күн суытады
Оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде ашық ауа райы сақталады
celes.club
«Қазгидромет» РМК 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Біртіндеп солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай аумаққа жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда әлі де ашық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус суықтан 10 градусқа дейін жылы болады.
Күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градус жылыдан 5-10 градус уыққа дейін төмендейді.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады