$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бізді қараңғы болашақ пен өлім күтіп тұр»: Ауғанстаннан Ресейге қашып келген журналист кері депортацияланбақ

Кобра Хассани тергеу изоляторында бір жыл уақытын өткізді

«Бізді қараңғы болашақ пен өлім күтіп тұр»: Ауғанстаннан Ресейге қашып келген журналист кері депортацияланбақ

Санкт-Петерборда Ауғанстаннан келген журналист Кобра Хассани мен тағы 11 ауғандық ер адам 2022 жылдың көктемінде Ресейден Еуропаға заңсыз кетуге тырысқаны үшін сотталды. Хассани Ауғанстанды тәліптер басып алғаннан кейін Киевке көшкен. Алайда ол жақтағы соғыстан қашып Ресейге барған. Оның Кабулдағы бұрынғы әріптесі ВВС-ге берген сұхбатында депортация жағдайында қызға түрме мен азаптау қаупі төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.

Өз кезегінде Ресейдегі көші-қон органдары мен соттары РФ СІМ елдегі «тұрақтандыру» туралы анықтамаларына сүйене отырып, ауғандықтарға уақытша пана болудан бас тартып отыр.

2022 жылы 23 мамырда Санкт- Петерборда теңіз портының жанындағы автотұрақта 12 ауғандық ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар порт аумағына кіріп, шетелде жүзетін теңіз кемесіне мініп, Еуропалық Одақ елдерінің біріне жүзіп бара жатқан.

Кобра Хассани Ауғанстанда өсті, қыздар мектебінде оқыды, университеттің халықаралық қатынастар факультетін бітірді және Кабулда теледидарда журналист болып жұмыс істеді. Оның журналистік қызметінің тақырыбы негізінен әйелдер құқығын қорғаумен байланысты болды.

«Мен өз елімдегі азап шеккен әйелдердің дауысы болғым келді», — деді ол ВВС-мен адвокаты арқылы хат алмасуда. Сонымен қатар, ол Кабулда кітап алмасуды ұйымдастырып, мейрамхана ашты.

Тәліптер Ауғанстанның бірнеше провинциясын басып алғанда, Кобра елден қашу керек екенін түсініп, алдымен Тәжікстанға кетті, ал 2021 жылдың қазан айында Украинаға жетті. Киевте ол университетте ағылшын тілді экономика факультетінде оқи бастады. Бірақ бірнеше айдан кейін Ресей Украинаға шабуыл жасап, Киевті бомбалай бастады.

Кобра тергеу изоляторында бір жыл уақытын өткізді.

Сот оны елде болуға рұқсат беретін құжаттардың жоқтығы үшін Ресейден мәжбүрлеп шығару туралы шешім шығарды.

«Менің жағдайым басқа ауғандықтардан өзгеше. Ол жақта әйелдер үшін, әсіресе хиджабсыз әйелдердің және журналистердің өмір сүру жағдайлары қиын, бұл ғана емес, бізді қараңғы болашақ пен өлім күтеді», — деп жазды ВВС Кобра оны Ауғанстанда не күтіп тұрғанын сұрағанда. "

Серіктес жаңалықтары