Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді
Енді облыс аумағына арнайы рұқсат қағазымен ғана кіруге болады
Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді. Енді облыс аумағына арнайы рұқсат қағазымен ғана кіруге мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Бекеттер тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасушыларды ғана өткізеді. Сондай-ақ өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктердің қозғалысы тоқтатылмайды.
«Алғашқы 12 сағат ішінде тек бір блокпосттың өзінен 50-ге жуық көлік кері қайтарылды. Ал облыс көлемінде 40, Ақтөбе қаласының айналасына 7 бекет қойылды. Сарбаздар тас жол бойынан бөлек, иен даланы да жіті бақылауға алды», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, Ақтөбеде 3 азаматтың вирус жұқтырғаны белгілі.