$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді қайтарды

Қонақүй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық

Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақүйді қайтарды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қаржы мониторингі агенттігі тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақүй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық», - делінген агенттік хабарламасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары