Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды
Қазақстандық диқандар астық өнімінің 86%-нан астамын жинады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді-дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды.
«Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының биыл ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді:
Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды:
Министрліктің айтуынша, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.