Шымкентте мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы ұсталды

Azattyq Rýhy

Сәкен Шәкеев аталған қызметті небәрі 7 ай басқарды

Шымкентте мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы ұсталды

Шымкентте қала әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы ұсталды. Мұны жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

34 жастағы Сәкен Шәкеев бұл қызметті небәрі 7 ай атқарды.

«Иә, біз оның ұсталғанын растаймыз. Ресми ақпаратты күтіңіздер»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сәкен Шәкеев Шымкентке елордадан 2022 жылы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары қызметіне келді.

Ол кезде басқарма басшысы лауазымын Ханзада Есенова атқарды.

Ол кеткеннен кейін, 2023 жылдың 10 наурызында аталған қызметке Сәкен Шәкеев келді.

Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының хабарлауынша, қазір басшының міндетін атқарушы болып Шакеевтің орынбасары — Алмас Керімбеков тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.