Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлан Сарқұлов пен Мақсат Жебегенов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
	- Ұлан Серікұлы Сарқұлов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
 
	- Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.