$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арселор Миттал Теміртауға» 5,5 млн теңге айыппұл салынды

Кәсіпорын жұмысынан заңбұзушылықтар анықталды

«Арселор Миттал Теміртауға» 5,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тексеріс нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде заңбұзушылықтар анықталды.

ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

«Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары