Аталған факті бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа 500 теңгеге тасымалдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан «Сапаржай» автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.
Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.