$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цех жойылды

Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Алматыда синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цех жойылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жасырын жолмен синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цехты жою бойынша операциялар өткізді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде олардан 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткілік заттардың құны «қара нарықта» 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерге тең.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетсек, биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі жасайтын зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары