Жетісу облысында прокурорлар 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын тоқтатты

Azattyq Rýhy

Мемлекеттік сатып алуға қатысты 74 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жетісу облысында прокурорлар 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын тоқтатты
Фото: google.com

Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, тек биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.

Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялады және т. б.

«Тағы 85 млн теңгеге сатып алулардың алдын алды, олар бойынша мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысты. Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтердің әкімдері бар», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.