Нұр-Сұлтан әуежайы халықаралық рейстер қабылдауды тоқтатады

Автор: Azattyq Rýhy

Қаулы 1 сәуірден бастап күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

1 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуежай барлық халықаралық тұрақты және эвакуциялық жолаушылар рейстерін қабылдауды тоқтатады. Мұндай шектеу Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«2020 жылғы 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр – Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын», - делінген қаулыда.

Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.