ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Елімізде барлығы 336 адам COVID-19 вирусын жұқтырған

31 наурыз сағат 15:30-ғы жағдай бойынша Қазақстанда тағы 11 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың 10-ы Қызылорда облысында тіркелсе, біреуі Павлодар облысында, деп хабарлады ҚР ДСМ шұғыл штабы.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 336 адамға жетіп отыр. Ауруды жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.

  • Нұр-Сұлтан – 175;
  • Алматы – 82;
  • Шымкент – 2;
  • Атырау облысы – 13;
  • Ақмола облысы – 10;
  • Алматы облысы – 8;
  • Ақтөбе облысы – 3;
  • Қарағанды облысы – 13;
  • Жамбыл облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 2 адам;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 18;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 9 науқас (соңғылары) Жаңақорған ауданында тіркелген. Олардың барлығы бұған дейін қауіпті инфекция анықталған науқаспен байланыста болып, оқшауланып, карантинге алынған азаматтар арасынан анықталды. Барлық науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Тоғыз пациенттің үшеуі 14 жасқа дейінгі балалар, 8-і бір үйдің адамдары. 

Еске салайық, бүгін коронавирустан Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмды. Бұл – Қазақстандағы екінші өлім оқиғасы. Бұған дейін астаналық ауруханалардың бірінде ем қабылдаған Ақмола облысының тұрғыны көз жұмған болатын.