$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иракта үйлену тойындағы өрттен қаза тапқандар саны 119-ға жетті

Жақында қалыңдықтың әкесі қайтыс болғаны айтылды

Иракта үйлену тойындағы өрттен қаза тапқандар саны 119-ға жетті
AP © Farid Abdulwahed

Ирактың солтүстігіндегі Нейнава провинциясындағы үйлену тойында болған алапат өрттен кейін соңғы күндері тағы 20-дан астам күйіктен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Shafaq News жазуынша, осылайша өрттен қаза болғандар саны 119-ға жеткен.

Жақында қалыңдықтың әкесі қайтыс болғаны айтылды. Агенттік мәліметінше, күйеу жігіттің ата-анасы да қаза тапқан.

Ал жас жұбайлардың өздері аман қалды.

Тақырыпқа орай: Ирактың солтүстігінде өрттен кем дегенде 100 адам қаза тапты

Бұған дейін үйлену тойындағы өртке қатысты 14 адам ұсталғаны хабарланған болатын. Оларлың арасында жұиысшылар, той өткен залдың иесі, сондай-ақ пиротехниканы жаққан адамдар бар. Ирак полициясы мәлімдегендей, қауіпсіздік шараларының мүлдем сақталмауы өрттің негізгі себебі болған.

Кейінірек өрттің кездейсоқ шыққаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары