Қалааралық такси қызметіне қойылатын талап күшейеді

Автор: Аманалина Тоғжан

Олар демалыссыз аймақтар арасында жүреді

Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев қала арасында такси қызметін атқаратын жүргізушілерге талапты күшейту керегін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Тағы бір бөлек мәселе - заңсыз тасымалдаушылар. Көбіне олар пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланатын автокөліктер қауіпті, ал жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын орындамайды», - деді Қожаев.

Ол осыған байланысты жүргізушілерге күшейтілетін талаптар жайлы айтты.

«Осыған байланысты, интернет-агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілеріне (индрайвер, яндекс) рейс алдындағы медициналық және күнделікті автокөлікті тексеруге, жылына 2 рет - техникалық байқау өтуге міндеттеу ұсынылады, сондай-ақ жүргізушінің рульде 8 сағаттан артық болмауын қарастыру керек», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ