$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

8 айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14 трлн теңгені құрады – министр

Былтырмен салыстырғанда 3,1%-ға өскен

8 айда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14 трлн теңгені құрады – министр
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өңдеу өнеркәсібіндегі нәтижелер жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі сегіз ай ішінде 14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім жиырма сегіз пайыз (28,1%) көрсеткішімен машина жасау саласында байқалады, бұл автокөлік құралдары (+42,2%), машиналар мен жабдықтар (+22,5%) және электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен мүмкін болды», - деді Шарлапаев.

Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсібінде  тоқыма бұйымдары өндірісінің (+35,9%) өсуі есебінен өсім он тоғыз да сегіз пайызды (19,8%) құрады.

«Химия өнеркәсібінде өсім аммофос өндірісінің (+44,8% ) өсуі есебінен үш те бір пайызды (3,1%) құрады. Металлургия саласында төрт пайызға жуық (4,3%) төмендеу байқалады. Бұған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер етті. Алайда индикатордың динамикасы қалпына келуде», - деді ол.  

Министр атағандай, Жолдау аясында Мемлекет басшысы өнеркәсіптің берік іргесін қалыптастыру бойынша маңызды міндеттерді алға қойды.

«Аталған міндеттер өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеуді тереңдету және кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, базалық инфрақұрылымды қалыптастыру, ірі және стратегиялық жобаларды инвестициялық жобаларды іске асыру және нарықты жеңілдетілген қаржыландыру аясында орындалады», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары