Сыртқа кеткен қаражаттардың негізгі үлесі Өзбекстан, Ресей және Түркия елдеріне тиесілі
Қазақстаннан шетелге ақша аударымдары өскен. Бұл туралы Ұлттық банктің айлық есебінде жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Тамыз айында қазақстандықтар өзге мемлекеттерге 99 млрд теңге ақша аударған. Ал еліміздің екінші деңгейлі банктеріне шетелден түскен қаражат едеуір аз. 22 млрд теңге. Сыртқа кеткен қаражаттардың негізгі үлесі Өзбекстан, Ресей және Түркия елдеріне тиесілі. Сарапшылар мұны осы елден келген еңбек мигранттарының көптігімен байланыстырады.