01.10.2023, 10:28
Жаңалықтар
«Таныстарын кездестіріп, ішімдік ішкен»: Ақтөбеде сәбиін шайханаға тастап кеткен әйел табылды
Азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханаға қалдырып кеткен әйелді іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының «102» пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді. Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді.
«Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен.Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды», - деді полициядан.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
