$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2020, 22:08
Жаңалықтар

Алматыда халықаралық әуе рейстері толық тоқтатылды

Қалада 19 наурыздан бастап карантин енгізілген

Алматыда халықаралық әуе рейстері толық тоқтатылды
Фото: tengrinews.kz

ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады. Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында қолға алынған шара.

«Енді Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылады. «Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдап, оның орындалуын бақылау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерге жүктеледі. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы таратқан хабарламада.

Еске салайық, Алматыда 19 наурыздан бастап карантин енгізілген. Бүгінде қалаға көліктердің кіріп-шығуына және темір жол қозғалысына шектеу қойылған.

Серіктес жаңалықтары